ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2021 | 20:38
Джефф Безос мінген ғарыш кемесі Жерге сәтті оралды
Джефф Безос мінген New Shepard ғарыш кемесі Жерге сәтті қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Джефф Безос мінген New Shepard ғарыш кемесі Жерге сәтті қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
New Shepard бортында Blue Origin иесі, Безостың өзі, оның ағасы Марк, сондай-ақ 82 жастағы Уолли Франк және 18 жастағы Оливер Дэмен болды. Бұл миссия өзгелеріне қарағанда ерекше. Кемедегі Дэмен ғарышқа ұшқан ең жас адам болса, ал Франк ең қарт адам.
Ұшу уақыты 10 минут 28 секундқа созылды. Экипаж капсуласы ғарыш шекарасы саналатын Карман сызығынан өтіп, 107 шақырым биіктікке жетті.
Онлайн транцляция кезінде экипаж мүшесі: "Өмірдегі ең жақсы күн!" - деп Blue Origin командасына рахмет айтып жатқаны естіледі.
New Shepard - бұл экипажды шамамен 105 шақырым биіктікке жеткізуге қауқарлы қайта пайдалануға болатын кеме. Ұшу уақыты шамамен 11 минутқа созылады.
Тікелей эфирді Blue Origin компаниясы жүргізді.
Айта кетейік, бұған дейін миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа ұшқаны хабарланған болатын. Ол бұл сапарды үш жыл жоспарлаған. 11 шілдеде 20.30-да (астана уақыты бойынша) Virgin Galactic Unity-22 зымыраны ұшты. Зымыранның ұшу процесі Virgin Galactic сайты арқылы тікелей эфирде көрсетілген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также