Джек Ма күзден бері алғаш рет көпшілік алдына шықты

Фото ©REUTERS

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма қоғамдық өмірге оралды, кәсіпкер компанияның штаб-пәтеріне барды, - деп хабарлайды Reuters.

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма қоғамдық өмірге оралды, кәсіпкер компанияның штаб-пәтеріне барды, - деп хабарлайды Reuters.

Джек Ма Ханчжоудағы Alibaba Group кампусының бірінде болған. Қытайдың ірі компанияларының бірінің негізін қалаушы әріптестерімен бірге жыл сайынғы "Ali күні" (Ali Day) іс-шарасына қатысуды шешіпті.

Реклама
Реклама

Қызметкерлер түсірген фотосуреттер мен бейнежазбаларға сәйкес, Джек Ма бұл іс-шараға Alibaba компаниясының басқа басшыларымен бірге қатысқан. Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетсе де, Ма компанияда әлі де беделді екені атап өтіледі.

Джек Ма былтыр күзде Қытай үкіметін сынағаннан кейін қоғамдық қызметін тоқтатқан еді. Содан кейін ҚХР билігі Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу бастап, компания акцияларын сатуға тыйым салған. Осылайша, тек бір күнде ол 3,5 миллиардтан аса доллардан және Азиядағы ең бай адам атағынан айырылған.

Осыдан кейін миллиардер көпшілік алдына тек онлайн шыққан. Қаңтарда ол ауыл мұғалімдерін қолдауға арналған онлайн-шараға қатысқан. Сәуірдің ортасында Ма Ресей географиялық қоғамы қамқоршылар кеңесінің бейнеконференциясында болған.

Бұған дейін Қытай Alibaba компаниясына медиаактивтерінен құтылуды талап етіп, компанияға тарихтағы ең үлкен айыппұл салғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, ел билігі Джек Ма бизнес мектебін студенттерді қабылдауды тоқтатуға мәжбүр етіп, компаниясының өкілдері және кәсіпкердің өзімен келіссөз жүргізген. Кездесулерде Джек Маның компаниядан кетуі және үлесін сату мәселесі талқыланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная