ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2021 | 18:00
Джек Ма өзі құрған бизнес-мектептің басшысы қызметінен кетеді - БАҚ
Alibaba компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джек Ма өзі құрған Hupan University бизнес-мектебінің президенті қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Times сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Alibaba компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джек Ма өзі құрған Hupan University бизнес-мектебінің президенті қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Times сайтына сілтеме жасап.
Hupan университеті - 2015 жылы миллиардер туған Ханчжоу қаласында құрылған Қытай бизнес басшыларына арналған элиталық корпоративтік академия. Financial Times басылымының мәліметінше, ол өз атауы мен білім беру бағдарламасын өзгертпек.
Баяндамада Джек Ма өзгерістерден кейін ұйымда жоғары лауазымды атқармайтыны, өйткені Бейжің оның ықпалын шектеуге тырысатыны жазылған. Дегенмен, басылым мәліметінше, Ма мектепте дәріс оқуды жалғастыра беруге ниетті.
"Hupan элиталық ұйым ретінде ел билігінің басты мақсаттарының бірі", - деді басылымның ақпарат көздерінің бірі.
Өткен аптада бизнес мектептің атауы Innovation Center болып өзгерді.
Hupan University бірнеше жылда Қытайдағы ең беделді бизнес-мектептердің біріне айналды, онда Джек Ма өзі сабақ береді. Үш жылдық бағдарлама бойынша оқу құны 88 мың доллар. Белгілі түлектер арасында - жоғары технологиялар саласындағы қытайлық кәсіпкерлер, мысалы Didi такси агрегаторының президенті Жан Лю және Waterdrop онлайн-сақтандыру платформасының негізін қалаушы Шен Пэн бар. Алайда сәуірдің басында бизнес академия студенттерді қабылдауын тоқтатты.
Айта кетейік, Қытай билігі мен Alibaba Group негізін қалаушы Джек Ма арасындағы бірқатар қақтығыстар былтыр қарашада басталған. Корпорацияға қатысты тергеу басталды. Кейін Джек Ма Қытай үкіметімен қақтығыс кезінде "жоғалып кетті" және көпшілік алдында тек 2021 жылдың басында шықты. Сондай-ақ, Қытай билігі Alibaba-дан медиаактивтерден арылуды талап еткені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также