ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ақпан 2022 | 12:25
Джеймс Куктың суға батып кеткен кемесі табылды
Капитан Джеймс Куктың суға батып кеткен кемесін іздеу 1999 жылы басталып, 22 жылдан кейін табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Капитан Джеймс Куктың суға батып кеткен кемесін іздеу 1999 жылы басталып, 22 жылдан кейін табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Австралиялық теңіз мұражайының директоры Кевин Сампшен Endeavour кемесі Род-Айленд маңында АҚШ жағалауынан табылғанын айтты. Оны америкалық және австралиялық археологтардың бірлескен экспедициясы тапты.
Кеме 1764 жылы салынған, төрт жылдан кейін Джеймс Кук Тынық мұхитына экспедицияға дәл осы кемемен аттанады. 1770 жылы ол Австралияға жетіп, содан кейін Жаңа Зеландия жағалауына жүзіп келеді.
Алайда 1778 жылы ұлыбританиялық флот бұл кемені АҚШ-тың тәуелсіздік соғысы кезінде суға батырған, ал бір жылдан кейін капитанның өзі қайтыс болады.
1999 жылдан бастап археологтар бұл кемені табуға тырысқан. Алғашында зерттеушілер табылған кеменің, шынымен де Endeavour кемесі екендігі туралы пікірталасты, бірақ австралиялықтар оның дәл осы кеме екеніне нық сенімді.
Джеймс Кук - ағылшын әскери теңізшісі, саяхатшы-зерттеуші, картограф, корольдік қоғамның мүшесі және корольдік әскери-теңіз күштерінің капитаны. Дүниежүзілік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедицияны басқарған. Осы экспедициялар кезінде бірқатар географиялық ашылулар жасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также