21 қаңтар 2021 | 08:20

Джо Байден АҚШ президенті болды. Ұлықтау рәсімінде айтқан сөзі

© Reuters

Джо Байден ант беріп, АҚШ президенті қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Джо Байден ант беріп, АҚШ президенті қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен, Джо Байден, Құрама Штаттардың президенті міндетін адал атқаруға және Құрама Штаттардың Конституциясын қолымнан келгенше қолдауға, күзетуге және қорғауға салтанатты түрде ант етемін", - деп келтірді Байденнің сөзін РИА Новости.

Реклама
Реклама

АҚШ-тың жаңа президенті "бар көңілімен" бірлікке ұмтылатынын айтып, америкалықтарды да соған шақырды.

"Барлық мәсеселені шешу үшін, көңілімізді жайлы етіп, Америка болашағын қамтамасыз ету үшін құр сөзден әлдеқайда көп нәрсе керек ... - бірлік ... Бүгінде көңілім Американы нығайту, халқымызды біріктіру, ұлтымызды біріктіруді қалайды. Мен әрбір америкалықты осы мақсатта маған қосылуды сұраймын", - деді ол ұлықтау рәсімінде.

Байденнің айтуынша, оның сайланғаны демократияның жеңіске жеткенін білдіреді. 

"Бұл - Америка күні, бұл - демократия күні. Тарих пен жаңаруға үміт күні. Біз бүгін кандидаттың емес, мақсаттың жеңгенін атап өтеміз. Мақсат - демократия. Халықтың қалауы тыңдалды. Біз тағы да демократияның бағалы екенін ұқтық. ... Міне, достар, қазір демократия жеңді", - деді Байден.

Айта кетейік, демократиялық партия атынан сайлауға түскен 78 жастағы Джо Байден АҚШ-тың қырық алтыншы президенті болды. Ол қарашада өткен президент сайлауында Дональд Трампты жеңді. Трамп Байденнің ұлықтау рәсіміне қатысудан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная