07 қараша 2020 22:45

Джо Байден АҚШ президенті болып сайланды - CNN, NBC және AP

© REUTERS / Kevin Lamarque

Демократиялық кандидат Джо Байден АҚШ президенті болып сайланды, деп хабарлайды CNN телеарнасы мен NBC және AP агенттіктері.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демократиялық кандидат Джо Байден АҚШ президенті болып сайланды, деп хабарлайды CNN телеарнасы мен NBC және AP агенттіктері.

3 қарашада басталған сайлаудың қорытындысы бойынша, демократ Джо Байден жеңіске жетті.

Реклама
Реклама

Басылымдардың мәліметінше, Байден сайлауға қажетті 270 сайлаушының дауысын жинаған. Болжам Пенсильваниядағы жаңа мәліметтер аясында жаңартылыпты, онда Байден Дональд Трамптан алшақтықты 31 мың дауысқа дейін арттырған.

Алайда Пенсильвания мен басқа да бірқатар штатта ресми түрде дауыстарды санау аяқталған жоқ.

"Америкалықтар үшін стресс". АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі сайлау туралы

Еске салайық, мұның алдында АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері шыққан болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram