02 маусым 2023 09:10

Джо Байден түлектерді құттықтау кезінде сахнада шалынып құлады

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

АҚШ президенті Джо Байден Колорадодағы Әскери-әуе күштері академиясының түлектерін құттықтау кезінде сахнада құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басылым мәліметінше, Байден сахнада жатқан құм дорбасына шалынып қалған. Сақшылар дер кезінде жетіп, 80 жастағы президентті аяғынан тұрғызуға көмектесті.

Реклама
Реклама

Көп ұзамай Ақ үй әкімшілігі АҚШ басшысының жағдайына қатысты пікір білдіріп, оның жағдайы жақсы екенін айтты.

Бұған дейін Байден Питтсбургте (Пенсильвания) сөз сөйлегеннен кейін абдырап қалып, сахнадан шығудың жолын бірден таба алмағаны туралы ақпарат тараған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram