20 ақпан 2022 | 14:18

Джонсон үлкен соғыс болу қаупі туралы мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Би-би-си арнасына берген сұхбатында Украина төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі ең үлкен соғыс болу қаупі туралы айтты. Саясаткердің айтуынша, Ресейдің "белгілі бір мағынада Украина аумағына басып кіру жоспарын жүзеге асыра бастағанын" көрсететін "белгілер" бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазір жүзеге асырылып жатқан бұл жоспар, Еуропадағы 1945 жылдан бергі ең ірі соғысқа әкелуі мүмкін деп қорқамын", - деді Джонсон.

Ұлыбритания премьер-министрі барлау деректеріне сілтеме жасап, ресейлік әскерлер Киевті "қоршауды" жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ, ол АҚШ президенті Джо Байденнің сөзіне сілтеме жасай отырып, Ресей Украинаның шығысынан ғана емес, Беларусь жағынан да "басқыншылық" жасамақ екенін баса айтты.

Реклама
Реклама

Ал Мәскеу мұндай жоспарлардың барын үзілді-кесілді жоққа шығарды және олар ешкімге қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная