Джордж Флойдты қылғындырған экс-полицей түрмеден шықты

©REUTERS

Афроамерикалық Джордж Флойдты өлтірді деп айыпталған бұрынғы америкалық полицей Дерек Шовин миллион доллар кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Reuters.

Афроамерикалық Джордж Флойдты өлтірді деп айыпталған бұрынғы америкалық полицей Дерек Шовин миллион доллар кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Reuters.

Миннесота сотының хаттамасында 7 қазанда қолма-қол ақшасыз миллион доллар кепіл төленгені айтылған. Оның адвокаты кепілгер екені белгілі. Енді Дерек Шовин сотқа 2021 жылдың 8 наурызында келуі керек, бұған дейін ол бостандықта болады.

Еске салайық, Миннеаполис қаласында 46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті тұрғындардың ашуын тудырған болатын. Оны полицей ұстау кезінде сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басқан. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Осыдан кейін ол қайтыс болды, ал АҚШ-та жаппай тәртіпсіздік басталып кетті.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама