12 ақпан 2014 10:09

Джулия Робертстің сіңілісі Нэнсидің мәйіті табылды

Джулия Робертс Нэнси Моутспен Фото nydailynews.com

Голливудтық жұлдыз Джулия Робертстің сіңілісінің өлі денесі Лос-Анджелестегі өзінің пәтерінде жуынатын бөлмеден табылды, – деп хабарлайдыTengrinews.kz CNN сайтына сілтеме жасай отырып. Түрлі дереккөздерінде 37 жастағы Нэнси Моутс есірткіні шамадан тыс пайдаланудан көз жұмды делінеді. Оның мәйітінің жанынан дәрігер жазып берген дәрілер табылған. Бұның нақты қандай дәрілер екені әзірге айтылмады. Нэнсидің нақты неден қайтыс болғанын сараптама көрсетпек. Нэнси Моутс пен Джулия Робертстің шешелері бір, әкелері бөлек. Нэнси актрисалық жолын енді бастаған еді, ол телеарналардың бірінде ассистент болып қызмет атқарған. Нэнсидің таныстары оның өліміне басты себепші психологиялық проблемалар деседі. Ол әрқашанда өзінің танымал әпкесінің көлеңкесінде қалып қойғандай сезінетін дейді оны білетіндер. Сондай-ақ Джулияның сіңілісі өзінің артық салмағынан қатты ыңғайсызданатын. Ол тіпті асқазанын кішірейту үшін ота да жасатқан екен.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram