Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіндегі алғашқы жарлықтарға қол қойды

А?Ш-ты? жа?а президенті Дональд Трамп ?лы?тау р?сімінен кейін президент ?ызметіндегі ал?аш?ы ?кімдерге ?ол ?ойды. Ал А? ?йдегілер жа?а ?кімшілікті? ба?дарламасын жариялады. Б?л туралы Трампты? баспас?з хатшысы Шон Спайсер Twitter желісіндегі пара?шасында жазды.

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімінен кейін президент қызметіндегі алғашқы өкімдерге қол қойды. Ал Ақ үйдегілер жаңа әкімшіліктің бағдарламасын жариялады. Бұл туралы Трамптың баспасөз хатшысы Шон Спайсер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Трамп үш құжатқа қол қойды. АҚШ президентінің генерал Джеймс Мэтисстің Қорғаныс басшысы болып тағайындалуына қатысқа құжатқа қол қойғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл іс-шара Капитолиядағы президенттік бөлмеде өткен. Сонымен қатар, сол шараға Республикалық партияның, демократиялық фракцияның көшбасшысы Нэнси Пелоси қатысқан. Және де жаңа президенттің қасында балалары мен немерелері болған.

The Daily Beast басылымының мәліметінше, Дональд Трамп президент ретінде ресми түрде сөз сөйлеген соң, Ақ үйдің сайтынан дәстүрлі емес сексуалдық қарым-қатынасты қорғайтындарға арналған бөлім өшіріліп тасталған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама