ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 сәуір 2018 09:31
Дональд Трамп Франция президентін ұятқа қалдырды
А?Ш президенті Дональд Трамп пен оны? жары Меланья сейсенбіде салтанатты т?рде Франция президенті Эммануэль Макрон мен оны? ?йелі Брижитті Вашингтонда к?тті. Меланьяны? бетінен с?ю бірден м?мкін болмады, оны? телпегі кедергі болды.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жары Меланья сейсенбіде салтанатты түрде Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның әйелі Брижитті Вашингтонда күтті. Меланьяның бетінен сүю бірден мүмкін болмады, оның телпегі кедергі болды.
Кездесу барысында Ақ үй басшысы сонда тұрған адамдарға француз көшбасшысының иығында қайызғақтың тұрғанын айтып, күле отырып сүртіп тастады.
"Барлығы да біздің қарым-қатынасымыздың жақсы екенін айтады, ол рас. Бұл жалған жаңалық емес. Шынымен де бұл өтірік емес. Сіздің осында келуіңіз, біз үшін үлкен құрмет. Ал қазір мен мына кішкентай қайызғақты сүртіп тастайын... Біз оны мінсіз етуіміз керек. Ол күмәнсіз. Сонымен, сенімен бірге болу үлкен құрмет, сен ерекше доссың. Рақмет", - деп жазады L!FE президенттің сөзін.
Осыдан кейін Трамп дәстүрлі түрде өз әріптесімен қол алысты.
© Reuters
Сондай-ақ журналистер тағы бір ыңғайсыз жағдайды байқап қалды. Фотоссесия барысында Дональд Трамп жарының қолынан ұстайын деген, алайда Меланья күйеуімен қол ұстасудан бас тартқан.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу