Дональд Трамп Иранды "бірінші кезектегі террористік ел" деп атады

© korrespondent.net

А?Ш президенті Дональд Трамп Иранды "террористік елдер тізімінде бірінші" болып т?р?анын м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости саясаткерді? Fox News басылымына берген с?хбатына сілтеме жасап. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды "террористік елдер тізімінде бірінші" болып тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости саясаткердің Fox News басылымына берген сұхбатына сілтеме жасап. 

"Иран біздің елді мүлде сыйламайды. Ол террористік елдер қатарында бірінші болып тұр. Бұл ел қаржысын қарулануға жұмсап отыр", - деді Трамп. Осыған байланысты АҚШ президенті Иранға қатысты санкциялар қолданатынын жеткізді. "Біз мұны бастап кеттік", - дейді ол.

Сонымен қатар, ол өз әрекеттері туралы алдын ала ескертпейтінін айтады. "Маған Барак Обаманың Мосулға немесе басқа жерге әскер жіберетінін алдын ала хабарландыратыны ұнамайтын. Олар уақыты мен күнін атайды. Мен мұндайдың тиімді екеніне мүлде сенбеймін", - дейді Дональд Трамп.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама