Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

©REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!" - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.

Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус расталғаннан кейін Дональд Трамп карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 тестілеуінің нәтижесін күтіп отырғаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

"Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен COVID-19 расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!" - деп жазды Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін БАҚ өкілдері Хикстің Трамппен 29 қыркүйекте пікірсайысқа және 30 қыркүйекте Миннесота митингіге барғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама