Дональд Трамп халықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

© REUTERS

А?Ш президенті Дональд Трамп Наурыз (Новруз) мейрамын тойлаушы елдерге ??тты?тау жіберді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз (Новруз) мейрамын тойлаушы елдерге құттықтау жіберді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі. 

"Әлемде көктемнің келуін тойлайтын барлық халыққа тамаша әрі шуақты Наурыз тілеймін", - деп жазды басылым Трамптың сөзін. 

Осы құттықтау сөздері негізінен Иран халқына арналған делінген. 

Реклама
Реклама

Наурыз немесе Новруз - иран мен түркі халықтарының астрономиялық күнтізбедесінде жаңа жылдың басталуымен сәйкес келеді. Ол ұлттық салт-дәстүрдің мерекесі және діни сенімге еш қатысы жоқ. 

Қазіргі уақытта Наурыз 21 наурызда ресми түрде Иран мен Ауғанстанда астрономиялық күнтізбесінде жаңа жыл болып саналады. Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Албания, Қырғызстан, Македония және Түркияда мемлекеттік мереке ретінде 21 наурызда аталып өтеді. 

Қазақстанда Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 21-23 наурыз аралығында тойлайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама