ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 қыркүйек 2024 08:05
Дональд Трампқа тағы қастандық жасалды - БАҚ
Дональд Трамп Флоридадағы гольф-клубынан шығып бара жатқанда оның жанында оқ атылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құпия қызмет Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичте Дональд Трамптың гольф клубының жанында болған атыс оқиғасын тергеп жатыр, - деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Бұрынғы президент клубтан енді шығып кетіп бара жатқанда оқ атылған.
Трамптың өкілі Стивен Чунг: "Президент Трамп өз аймағында оқ атылғаннан кейін қауіпсіз аймаққа жеткізілді. Әзірге басқа мәліметтер жоқ", - деді.
Еске салайық, 14 шілдеде Дональд Трамптың Пенсильваниядағы шеруі кезінде де оған қастандық жасалған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу