20 ақпан 2022 | 18:10

Донбасстағы шиеленіс: екі бейбіт тұрғын қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
© РИА Новости

Луганск халық республикасы өкілдігінің офицерлері Атысты тоқтатуды бақылау және үйлестіру жөніндегі бірлескен орталықта Украинаның Қарулы күштері ЛХР-дағы Пионерское елді мекеніне оқ атуы салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Луганск халық республикасы өкілдігінің офицерлері Атысты тоқтатуды бақылау және үйлестіру жөніндегі бірлескен орталықта Украинаның Қарулы күштері ЛХР-дағы Пионерское елді мекеніне оқ атуы салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ЛХР Халық милициясы бұған дейін жексенбіде таңертең украин қарулы жасақтары артиллерияның қолдауымен Северский Донец өзенінен өтіп, Пионерское елді мекені ауданындағы халықтық милиция позицияларына шабуыл жасауға әрекеттенгенін хабарлаған болатын. Нәтижесінде екі бейбіт тұрғын қаза тапты.

"Біз қаза болған адамның күйген денесін алып шықтық... Мәйіт қатты күйіп кеткен, тануға болатын фрагменттері аз. Үйде тағы бір адамның сүйегі бар", - деді Біріккен бақылау және үйлестіру орталығы қызметкері.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ДХР мен ЛХР басшылығы Украинаға басып кіру қаупіне байланысты азаматтарды Ростов облысына уақытша эвакуациялау туралы хабарлады. Ең алдымен эвакуация әйелдерге, балаларға және қарт адамдарға қатысты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная