ДСҰ Еуропада коронавирустан өлім-жітім көп болатынын болжап отыр

ДСҰ Еуропада коронавирустан өлім-жітім көп болатынын болжап отыр © REUTERS

Таяула Еуропа елдерінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны артады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) ресми өкілі Тарик Язаревич айтты , - деп хабарлайды РИА Новости.

Таяула Еуропа елдерінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны артады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) ресми өкілі Тарик Язаревич айтты , - деп хабарлайды РИА Новости.

"Індет Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Италияда ұзақ таралып жатыр. Бірақ Еуропаның енді коронавирус тарап жатқан басқа елдерінде де алдағы күндері немесе таяуда өлім жағдайлары тіркелуі мүмкін, - дейді ұйымның ресми өкілі.

Күннің жылуы коронавирусты жоя алмайды - ғалым

Реклама
Реклама

"Бірнеше күн ішінде бірден жүздеген адамның вирус жұқтыруы Италияның мүмкіндіктеріне шектеу қойды. Басты проблема - Италияның солтүстігі аумағында,  ол жақпен дұрыс байланыс орнатылмаған", - деді ДСҰ өкілі.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бір тәулікте тағы 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды.

Еске салайық, Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған COVID-19-ды пандемия деп атаған болатын. Айта кетейік, пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді. Коронавирус 140-тан аса елде тіркелген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама