Біріккен Араб Әмірліктерінде жауын-шашын толассыз жауып жатыр. Салдарынан Дубай әуежайындағы ондаған рейс кешіктірілген, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, Дубайда жауын-шашын сенбіден басталған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылардің рейстері кешіктіріліп, жолдарда кептеліс болған.
Әлеуметтік желі қолданушылары Дубай әуежайындағы ұшақтардың су астында қалғаны түсірілген фото мен видеолар жариялап жатыр.