ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2019 | 15:20
Дубайда "әлемдегі үздік мұғалімге" миллион доллар табысталды
Дубайда "әлемдегі үздік мұғалім" номинациясын жеңіп алған монах-франциск Питер Табичиге 1 миллион доллар табысталды, - деп хабарлайды Dubai Media Office.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дубайда "әлемдегі үздік мұғалім" номинациясын жеңіп алған монах-франциск Питер Табичиге 1 миллион доллар табысталды, - деп хабарлайды Dubai Media Office.
Үндістандық кәсіпкер Санни Варкеяның қайырымдылық қоры 2015 жылдан бастап "әлемдегі үздік мұғалім" премиясын беріп келеді. Биыл 179 елден 10 мыңнан аса өтініш түскен.
36 жастағы Питер Табичи Кенияда ауылдардың біріндегі орта мектепте жаратылыстану ғылымдарының мұғалімі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мектепте тек бір компьютер бар екен, ал бір мұғалімге 58 оқушыдан келеді. Сонымен қатар, Табичи өз жалақысының көп бөлігін кедейлерге берумен танымал болған.
Санни Варкея қорының премиясын БАӘ вице-президенті және премьер-министрі, Дубайды басқарушы шейх Мухаммеда бен Рашида Аль Мактум табыстайды. Санни Варкея Таяу Шығыста GEMS Education жеке балабақшалар мен мектептерін ашқан.
Показать комментарии
Читайте также