11 наурыз 2022 | 17:18

"Дүкендерде дүрбелең". Санкция салынғаннан кейін Ресейдегі жағдай қандай?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Ресейдегі сауда орталығындағы жағдай. Сурет: Александра Кречетова

Әлеуметтанушы Жұмабек Сарабеков бұған дейін Украинамен арадағы жағдайға қатысты Ресейге қарсы санкция салынса, "экономика әлсіреп, ел жаңғыру мүмкіндігінен айырылатынын" айтқан болатын. Кейін Ресей президенті Владимир Путин ЛХР мен ДХР-ді мойындау туралы жарлыққа қол қойған соң АҚШ, ЕО елдері Ресейге санкция жариялады. Сөйтіп, елде бірқатар танымал компания, бренд филиалдары өз жұмысын тоқтатқан еді. Tengrinews.kz тілшісі Мәскеу тұрғыны Александра Кречетовамен сөйлесіп, қазір Ресейде жағдай қалай өрбіп жатқанын сұрап көрді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтанушы Жұмабек Сарабеков бұған дейін Украинамен арадағы жағдайға қатысты Ресейге қарсы санкция салынса, "экономика әлсіреп, ел жаңғыру мүмкіндігінен айырылатынын" айтқан болатын. Кейін Ресей президенті Владимир Путин ЛХР мен ДХР-ді мойындау туралы жарлыққа қол қойған соң АҚШ, ЕО елдері Ресейге санкция жариялады. Сөйтіп, елде бірқатар танымал компания, бренд филиалдары өз жұмысын тоқтатқан еді. Tengrinews.kz тілшісі Мәскеу тұрғыны Александра Кречетовамен сөйлесіп, қазір Ресейде жағдай қалай өрбіп жатқанын сұрап көрді. 

Оның айтуынша, бүгінде банкоматта адам қарасы көп. Бәрі ақшасын қолма-қол алғысы келеді екен. Өйткені жағдай күрделі болғандықтан бәрі қорқып отыр. Кейінгі жылдары, тіпті пандемия кезінде де халық бұлай банкоматтан ақшасын шешіп алмаған.

Банкоматтағы кезек. Александра Кречетова ұсынған сурет

Реклама
Реклама

"Бұл - өте қиын жағдай. Ресей тарихында қазіргідей жағдай болмаған шығар. 24 ақпанда, арнайы операция жарияланған кезде ешкім бұлай болады деп күтпеді. Ешкімде дәл осындай жағдай болады деген ой болған жоқ. Басында бәрі шошыды. Өз басым сенбедім. Жағдайды қабылдау бәрімізге қиын болды. Халық түрлі реакция білдіріп жатыр. Кейбіреулер агрессия танытады. Адамдар іштей бірнеше топқа бөлінді деуге болады. Яғни біреу қолдайды, кейбіреулер қолдамайды және жағдайға сырттай ғана қарайтындары да бар", - деді ол.

Александра доллар бағамының өзгеруі қай салаларға әсер еткенін әңгімеледі.

"Доллар күн санап қымбаттап жатыр. Мысалы, 23 ақпанда доллар рубльге шаққанда 81 рубль болды. Қазір шамамен 120 болды. Шектен шығып бара жатыр. Сонымен қатар, әуе тасымалы саласына да айтарлықтай әсер етті. Көптеген ел біз үшін әуе кеңістігін жапты. Әсіресе, Ресейдің басқа өңірлеріне қарағанда, едәуір алыста орналасқан Калининградқа тікелей жету мүмкін емес. Бұрын 2-3 сағат қана жолға кететін. Қазір мәселе ушығып кетті", - деді ол.

Александраның айтуынша, тауарлар қымбаттап кеткен.

"Түрлі тауар бағасында да айырмашылық байқалады. Бірақ, менің ойымша, бұл басы ғана. Киім-кешекке қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Ал азық-түлік түрлері 10-20 пайызға қымбаттап кетті. Кейбір нәрселер ғана бұрынғы бағада қалған. Жақын арада бәрі өзгеріп, жағдай қазіргіден гөрі күрделене түсетін секілді. Себебі рубль бағамы күн сайын құлдырап жатыр", - деді ол.

Тёплый Стан ауданында орналасқан "Мега" сауда үйінде түсірілген сурет. Александра Кречетова ұсынған сурет

Мәскеу тұрғыны дүкендердегі дүрбелең туралы да әңгімелеп берді.

"Ашан" супермаркетінен түсірілген суреттер. Александра Кречетова ұсынған сурет

"Дүкендерде дүрбелең болып жатыр. Әсіресе, Ресейде өз қызметін тоқтатып жатқан бренд, компания филиалдарында, дүкендерде кезек көп. Үйреніп қалған кейбір дүкен, нысандар жабылып жатыр. Қарапайым азық-түлік дүкендерінде қатты қарбалас байқалмайды. Өйткені баға да өсіп кетті. Білуімше, кейбіреулер көтерме сауда нысандарында көп мөлшерде тауар сатып алып жатыр. Үй маңындағы дүкендерде азық-түлік жеткілікті. Бәрі бұрынғыдай. Ал Ресейде жұмыс істеуін тоқтатып жатқан компания, брендтердің барлығы дерлік толық жабылып қалған жоқ. Себебі кейбіреулерінің әлі де жұмыс істейтін уақыты бар. Мысалы, біреуі 14 наурызда жабылады дегендей", - деді ол.

Жергілікті дүкенде түсірілген суреттер. Александра Кречетова ұсынған сурет 

Александра жұмыс орындарына да кейінгі жағдайлардың әсері барын айтты. 

"Жұмысқа байланысты айтатын болсақ, онда да қарбалас болып жатыр. Сонымен қатар, шетелдік компаниялар елден кетсе, көп адам жұмысынан айырылатын шығар", - деді ол.

Александраның айтуынша, елде өндірілмейтін кейбір дәрі-дәрмек түрлерінің жетіспеушілігі байқалады. Үкімет қор бар екенін айтқан, дегенмен оның қанша уақытқа жететіні белгісіз. Сондай-ақ, ол жағдай өзгеріп кетуі мүмкін екенін, бір айдан кейін не болатыны беймәлім екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейге қай елдер санкция салғаны жарияланған еді. Оның ішінде, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Аустралия, Жапония секілді мемлекеттер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная