ПОДЕЛИТЬСЯ
13 шілде 2020 | 09:17
Дүние жүзінде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 230 мың адам анықталған
Соңғы тәулікте дүние жүзінде 230 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны - 12,5 миллион. Бұл туралы жексенбі, 12 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұйымның соңғы мәліметтері бойынша, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 230 370 адам анықталған, оның ішінде, 5285 адам қайтыс болған.
Осылайша, ДДҰ мәліметінше, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 12 552 765-ке, ал қайтыс болғандар - 561 617-ге жеткен.
Алдыңғы рекорд 10 маусымда болған: ұйым мәліметінше, бір тәулікте 228 мың адам анықталған.
Коронавирус жұқтырғандар саны көп ел - Солтүстік және Оңтүстік Америка (6 540 222) және Еуропа елдері (2 907 654).
Ал Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметі бойынша, 12 шілдеде дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 12 813 864 адамға жеткен, 566 790 адам қайтыс болған, тағы 7 046 535 адам аурудан айыққан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также