ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2020 | 15:21
Дүние жүзінде карантин қайта енгізілуі мүмкін - ДДҰ басшысы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус пандемиясына байланысты карантин талабы қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус пандемиясына байланысты карантин талабы қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз адамдардан айырылдық, экономика тығырыққа тірелді. Әлемдік экономика рецессия жағдайында. Еуропа аумағы да осындай жағдайда. Көптеген мемлекет пандемиядан қатты зардап шегіп жатыр.
Күнделікті ауру жұқтырғандар санының көрсеткіші наурыздағы кезеңмен салыстырғанда жоғары болып тұр. Өлім-жітім көрсеткіші төмен деңгейде. Алайда әр адамның өмірі - трагедия. Егер біз аурудың одан әрі таралмауына шектеу қоймасақ, өлім дерегі тіркеле береді. Карантинді қайта енгізудің қаупі сақталып отыр. Ол әлемдік экономика үшін өте ауыр болды", - деді Тедрос Аданом Гебреисус ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросында өткен жиында.
Күзде коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші көбейеді - ДДҰ
Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандан саны 29 милионға жетті. 19,6 миллион науқас дертінен айықты, 924 мың адам қайтыс болды.
Қазақстанда 106 855 адам COVID-19 жұқтырды. 100 627 науқас жазылды, 1 671 адам аурудан көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также