28 қаңтар 2020 09:07

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтыру деңгейі жоғарылағанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа коронавирустың халықаралық деңгейде жұқтыру қатерін "қалыптыдан" "жоғарыға" өзгертті, - деп хабарлайды Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасаған РИА Новости.

ДДСҰ бұған дейін Қытайда ауру жұқтыру қаупі өте жоғары, өңірлік деңгейде жоғары және халықаралық деңгейде қалыпты жағдайда екенін хабарлаған.

"Мұнда мәселе сипаттаудағы қатеде болып тұр, біз сол қатені түзедік", - деп хабарлады ДДСҰ өкілі.

Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында ДДСҰ-ға Хубей провинциясындағы Ухан қаласында белгісіз жұқпалы ауру тарағанын хабарлаған.  

Мамандар аурудың қоздырғышы 2019-nCoV коронавирусы екенін анықтаған. Қытайдан басқа, Гонконгте, Макаода, Тайванда, Тайландта, Жапонияда, Оңтүстік Кореяла, АҚШ-та, Канадада, Вьетнамда, Сингапурда, Непалда, Францияда, Аустралияда және Малайзияда ауру жұқтыру жағдайлары тіркелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети