ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2020 | 11:00
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы вирусқа байланысты мәлімдеме жасады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда тарап жатқан індетке байланысты төтенше жағдай жариялау әлі ерте екенін айтады. Бұл туралы ұйым төрағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда тарап жатқан індетке байланысты төтенше жағдай жариялау әлі ерте екенін айтады. Бұл туралы ұйым төрағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төтенше жағдай жариялау әлі ерте деп шешті", - деді ұйымның ресми өкілі брифинг барысында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус ұйымның коронавирустың жаңа түрінің қаншалықты қауіпті екенін зерттеп жатқанын айтты.
"Біз БАҚ-тарда індеттің Қытайдан тыс аумақтарда таралғаны туралы жазылып жатқанын білеміз, алайда бұл мәліметтер қазір тексеріліп жатыр", - деді Тедрос Адан Гебрейесус.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға баруға қандай да бір шектеу қоймауға кеңес береді. 24 қаңтардағы таңғы уақыттағы жағдай бойынша Қытайда коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандардың саны 25 адамға жетсе, вирус жұқтырғандардың саны 830 адамға жеткен.
Қытайда шығу тегі белгісіз індет тарап жатыр: қазақстандықтарға ескерту жасалды
Еске салайық, кейбір дереккөзздер бастапқыда мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер оны жоққа шығарған болатын. Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптенеді. Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.
Показать комментарии
Читайте также