ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қыркүйек 2020 | 12:36
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің бұрынғы басшысы Джон Фейхи қайтыс болды
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) бұрынғы президенті Джон Фейхи Австралияда 75 жасында қайтыс болды. Бұл туралы WADA сайтында жазылған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) бұрынғы президенті Джон Фейхи Австралияда 75 жасында қайтыс болды. Бұл туралы WADA сайтында жазылған.
"Джон керемет президент және көрнекті адам еді, ол әрқашан WADA және таза спорттың мүддесі үшін қызмет атқарған. WADA құрылтайшылар кеңесінде және әртүрлі комитеттерде жұмыс істеген адамдардың атынан, сондай-ақ бұрынғы және қазіргі басшылық пен қызметкерлердің атынан Джонның әйеліне, олардың үлкен отбасына және әріптестері мен достарына көңіл айтамын", - деді WADA бас директоры Оливье Ниггли.
Фейхи 2008-2013 жылдары WADA басшысы болған, содан кейін бұл қызметке британиялық Крэйг Риди келді.
Мамандығы бойынша заңгер Фейхи Аустралияда саяси карьера жасады, қаржы министрі болған. Ол 2000 жылы Сиднейде Олимпиада және Паралимпиада ойындарына өтінім дайындауға жауапты комитетті басқарған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также