ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2021 | 15:56
"Дүрбелең басталды". Музыка фестивалінде сегіз адам қаза болды
Өрт сөндірушілері Хьюстонда (Техас штаты) өткен Astroworld Festival кезінде кем дегенде 8 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өрт сөндірушілері Хьюстонда (Техас штаты) өткен Astroworld Festival кезінде кем дегенде 8 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кем дегенде 8 адамның қаза тапқаны расталды, ондаған адам жарақат алды... Фестивальге 50 мыңға жуық адам жиналған... 17 адам ауруханаға жатқызылды... Олардың 11-інде жүрек соғысы нашарлаған", - деді өрт қызметінің бастығы Facebook-те жарияланған полициямен бірлескен баспасөз мәслихатында.
Өлім себебі әлі белгісіз. Жұмада жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21.00-21.15 шамасында жиналған жұрт сахнаға қарай жинала бастаған, салдарынан дүрбелең басталып, адамдар есінен танып қалған. 300-ден аса адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Ауруханаға түскендердің арасында 10 жастағы балалар да бар.
Дүрбелеңге байланысты концертті тоқтатуға тура келген, шараны ұйымдастырушылар полициямен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Тергеу жалғасып жатқаны және алдын ала деректер айтылғаны нақтыланды.
Astroworld Festival - америкалық рэпер Травис Скотт ұйымдастырған Хьюстон қаласында өтетін жыл сайынғы музыка фестивалі. Бірінші фестиваль 2018 жылы өткен. Биыл фестиваль 5-6 қарашаға жоспарланған, бірақ қайғылы оқиғадан кейін шараның екінші күні өткізілмей қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также