12 қазан 2020 15:06

Душанбеде сайлау нәтижесінен кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Фото ©РИА Новости

Тәжікстан астанасы Душанбеде президент сайлауының қорытындысы шыққаннан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстан астанасы Душанбеде президент сайлауының қорытындысы шыққаннан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Душанбенің орталық көшелерінде патруль күшейтілді, Орталық сайлау комиссия баспасөз орталығының жанындағы дәмханалар мен мейрамханалар уақытша жабылды.

Реклама
Реклама

Үкімет ғимаратының маңында қарулы күштердің арнайы техникасы мен адамдар жиналған.

ОСК баспасөз орталығының ғимаратына кіреберісте де қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кешеге қарағанда бүгін журналистер алдын ала дайындалған тізім бойынша кіргізілді және олардың сөмкесі, техникасы қоса тексерілді.

Өткен президент сайлауында, көктемде өткен парламент сайлауында да мұндай шаралар болмаған екен. 

Еске салайық, бүгін Тәжікстандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланды. Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Эмомали Рахмон сайлауда 90,92 дауыс жинаған. Ал сайлауға қатысқандардың жалпы саны 85,39 пайызға жеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram