16 наурыз 2022 09:09

Эфир кезінде үнқағаз ұстап шыққан арна қызметкері қалай жазаланғаны белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Мәскеудің Останкино соты сейсенбіде "Время" бағдарламасының студиясына соғысқа қарсы үнқағаз ұстап шыққан "Первый канал" қызметкеріне 30 мың рубль айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мария Овсянниковаға қатысты іс РФ ӘҚБтК-нің 20.2-бабы 2-бөлігі ("Ескертусіз қоғамдық іс-шараны ұйымдастыру немесе өткізу") бойынша қозғалған.

Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлері бір күн бұрын жарияланған басқа видеоға назар аударған, онда Овсянникова адамдарды митингтерге шығуға шақырған.

Реклама
Реклама

Овсянникованың өзі сот отырысында кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

"Кінәні мойындамаймын, бұл менің соғысқа қарсы сөзім болды", - деді ол.

Mash арнасының мәліметінше, тікелей эфир кезінде наразылық шарасын қалалық бөлімінің редакторы ұйымдастырған. Оқиғадан кейін оны полиция ұстаған.

Кейін "Первый канал" оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram