05 тамыз 2020 | 15:21

Ефремов: Ештеңе есімде болмаса, кінәмді қалай мойындаймын?

Актер Михаил Ефремов сот отырысында апат кезінде не болғаны есінде жоқ болған соң кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Актер Михаил Ефремов сот отырысында апат кезінде не болғаны есінде жоқ болған соң кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

5 тамызда Мәскеудегі Пресненск сотында Ефремов ісі қаралды.

Реклама
Реклама

"Ештеңе есімде болмаса, кінәмді қалай мойындаймын", - деді актер сотта.

РИА Новости мәліметінше, Ефремовтің қорғаушысы Эльман Пашаев зардап шегушілер делелдерді бұрмалағанын мәлімдеді.

"Бізге келген ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен тарап дәлелдерді бұрмалауға тырысып жатыр", - деді Пашаев сот отырысында. 

Қорғаушының айтуынша, зардап шеккендердің өкілдері судьядан бұрын тергеу кезінде жауап алынбаған куәгерлерден сұрауды өтінеді. Адвокаттың пікірінше, олар Ефремовтің беделін түсіріп, көлік тізгінінде сол болды дегенге нұсқағысы келіп отыр.

Еске салайық, 8 маусымда Мәскеу орталығында ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатына ұшырап, жүргізуші қайтыс болғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная