11 тамыз 2020 | 16:02

Ефремов ісі: қайтыс болған ер адамның баласы 6,5 миллион рубль талап етті

Фото © РИА Новости

Жол апатынан қаза болған Сергей Захаровтың үлкен баласы актер Михаил Ефремовтен 6,5 миллион рубль өндіріп алғысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Baza Telegram-каналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жол апатынан қаза болған Сергей Захаровтың үлкен баласы актер Михаил Ефремовтен 6,5 миллион рубль өндіріп алғысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Baza Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қайтыс болған ер адамның баласы Виталий Захаров өзін азаматтық талапкер ретінде, ал Ефремовті жауап беруші ретінде мойындауды талап еткені хабарланды. Ол өзінің моральдық шығынын 6,5 миллион рубль деп бағалаған.

Реклама
Реклама

Бұл - Ефремов ісіндегі алғашқы талап, зардап шеккен қалған адамдар құжаттарын дайындап жатыр.

Ефремов: Ештеңе есімде болмаса, кінәмді қалай мойындаймын?

Еске салайық, ресейлік актер Михаил Ефремов 8 маусымда жол апатына себепкер болған. Салдарынан Сергей Захаров қаза тапқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная