ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 10:47
Егде жастағы адамдарға ЖРВИ-дің қандай белгілері қауіпті?
Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс бас маманы Надежда Рунихина 70 жастан асқан адамдарға ЖРВИ-дің қандай белгілері қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, егде жастағы адамдардың көпшілігінде қатар жүретін созылмалы аурулары қант диабеті, артериялық гипертензия, семіздік, өкпенің созылмалы аурулары, тіпті коронавирус инфекцияның жеңіл ағымы негізгі аурудың өршуімен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан науқастың жағдайын дұрыс бағалау маңызды.
"Егер дене қызуы 38 градустан аспаса, ентігу болмаса, оттегімен дұрыс қамтамасыз етілсе, пульс жоғары да, төмен де емес орташа қалыпты сақтаса, қосымша бас ауруы, дененің ауырсынуы, қан қысымының тұрақсыз деңгейі, қандағы қант деңгейінің тұрақсыз көрсеткіші байқалмаса, онда алаңдауға негіз жоқ. Бірақ егер 70 жастан асқан науқаста патологиялық ұйқышылдық, шатасу, тамақтан бас тарту, әлсіздік, басы айналып құлау секілді белгілер байқалса, онда дәрігерге қаралу керек", - деді Рунихина.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также