Египетте туристер мінген автобус жарылды

Египетте туристер мінген автобус жарылды

Египетте туристер мінген автобус жарылды. Нәтижесінде 4 адам қаза болып, 13 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды AFPБомба жарылысы туристер мінген автобус Израиль шекарасынан Египетке өтер тұстағы Тибада тексеріп-өткізу пунктында орын алған. РИА Новостидің мәліметі бойынша, қаза болған үш адам Оңтүстік Корея азаматы екен. Бас-аяғы автобуста 33 адам болған. Бұл лаңкестікті әлі ешкім өз мойнына алған жоқ. Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға орын алған жерге "Маген Давид Адом" жедел көмек көрсету қызметі жіберілген. Израиль тарапы жарылыстан жарақат алған адамдарды өз емханаларына қабуылдауға дайын. Қазіргі уақытта қос тарап бұл сұрақ бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама