"Эхо Москвы" радиосы мен оның сайты жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент
"Эхо Москвы" радиосы мен оның сайты жабылады Фото: ©РИА Новости

"Эхо Москвы" директорлар кеңесі радиоарна мен сайтты жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы радионың бас редакторы Алексей Венедиктов Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эхо Москвы" директорлар кеңесінің көпшілік дауысымен радиоарна мен "Эхо Москвы" сайтын жабу туралы шешім қабылдады", - деп жазды Венедиктов.

Сонымен қатар, Роскомнадзор Google-дан "Эхо Москвы" қосымшасын жоюды талап етті, деді Венедиктов.

Жарнама
Жарнама

Ресейлік БАҚ мәліметінше, 1 наурызда "Эхо Москвы" сайты Ресейдің Украинамен соғысы және "экстремистік әрекеттерге шақыру" туралы хабарламаларға байланысты Бас прокуратура өтініші бойынша бұғатталған. Радиостанция да эфирден ажыратылған. Венедиктовтың айтуынша, сайт Роскомнадзордан хабарлама алмаған, ал редакция заң бұзбаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама