14 қараша 2021 | 12:18

Эквадор түрмесіндегі қақтығыс салдарынан бірнеше адам қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: riafan.ru

Эквадордағы ең үлкен түрмеде болған қақтығыс салдарынан шамамен 58 сотталушы қайтыс болып, 12 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИАФан сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Эквадордағы ең үлкен түрмеде болған қақтығыс салдарынан шамамен 58 сотталушы қайтыс болып, 12 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИАФан сайтына сілтеме жасап. 

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Гуаякиль қаласының тұрғындары бірнеше сағат ішінде елді мекен маңында орналасқан "Прибрежная" түрмесінен үздіксіз оқ пен жарылыс дауысын естігенін айтқан.

Әлеуметтік желілерде таралған видеоларда жерде жатқан мәйіттер көрінеді, кейбіреулері өртелген.

Реклама
Реклама

Түрмелердегі зорлық-зомбылық қазанда "Прибрежная" түрмесінде болған жаппай қақтығыстардан кейін президент Гильермо Лассо енгізген елдегі төтенше жағдайға байланысты болып жатыр. Онда шамамен 118 адам қайтыс болып, 79 адам жарақат алған еді.

Биліктің пікірінше, Эквадордың пенитенциарлық мекемелерінде зорлық-зомбылық әрекеттері халықаралық есірткі картельдерімен байланысты бәсекелес топтардың мүшелері арасындағы қақтығысқа байланысты туындап отыр.

Түрмеде отырғандардың туыстары жақындары туралы білу үшін түзеу мекемесінің алдына жиналған.

"Болды, жетті. Бұл сұмдықты қашан тоқтатады? Бұл - түрме, қырғын емес, олар - адам", - деді ағасы сегіз айдан бері түрмеде отырған 55 жастағы Фрэнсис Чанкай.

Кейбіреулер түрмелерді бақылауға Эквадор қауіпсіздік күштерін шақырды.

"Лассо не күтіп отыр? Өлім-жітім көбейсін деп пе? Адам құқығы қайда? Жағдай өзгереді деп ойладық, бірақ одан да жаман", - дейді сотталушылардың бірінің анасы Марица Вера.

Эквадордың пенитенциарлық жүйесінде 40 мың адам бар. Түрме қызметінің мәліметінше, елдегі түзету мекемелері орташа есеппен 55 пайызға толып отыр, ал елдегі ең үлкен түрмедегі адам саны штат кестесінде қарастырылғаннан 62 пайызға көп.

Жыл басынан бері Эквадор түрмелерінде 300-ге жуық адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная