06 ақпан 2022 | 13:08

Елизавета II халыққа үндеу жасап, келесі ханшайым кім болатынын айтты

Фото: Reuters

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II таққа отыруының 70 жылдығы қарсаңында халыққа және оның отбасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, мерейтойын тойлауды асыға күтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II таққа отыруының 70 жылдығы қарсаңында халыққа және оның отбасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, мерейтойын тойлауды асыға күтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Хаттың мәтіні Букингем сарайының Twitter-парақшасында жарияланды.

"Кейінгі жеті онжылдықта біздің барлығымызға пайда әкелген ерекше әлеуметтік, технологиялық және мәдени ұмтылыс байқалды. Болашақ бізге, әсіресе, Ұлыбританиядағы және бүкіл Достастықтағы жастарға осындай мүмкіндіктер ұсынатынына сенімдімін", - деп атап өтті II Елизавета.

Реклама
Реклама

Ол, сондай-ақ, 2021 жылдың көктемінде қайтыс болған жұбайы Ханзада Филиппті еске алды.

"Мен сіздерге мәңгі риза болып өтемін және маған деген адалдықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін қарыздармын. Таққа отыратын уақыт келгенде менің ұлым Чарльз бен оның жары Камиллаға сіздер маған көрсеткендей қолдау білдіреді деп сенемін", - деді ханшайым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная