Эмир Кустурица жол апатына түсті - БАҚ

Танымал сербиялы? кинорежиссер Эмир Кустурица жол-к?лік о?и?асына тап болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Танымал сербиялық кинорежиссер Эмир Кустурица жол-көлік оқиғасына тап болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Ол Mercedes маркалы көлікте келе жатып, Чачак және Белград қалаларының арасындағы тасжолда жол шетіне шығып кеткені хабарланды. 

Жол апаты болған жерге жеткен дәрігерлер кинорежиссер мен оның жүргізушісіне алғашқы көмек көрсетіп, жақын маңдағы Валево қаласындағы емханаға баруға кеңес берген. Зардап шегушілердің қазіргі хал жағдайы туралы ештеңе айтылмаған.

Реклама
Реклама

63 жастағы кинорежиссер Эмир Кустурица Еуропада өткен ірі кинофестивальдердің наградаларының жеңімпазы, оның ішінде ол Канн кинофестивалінің жүлдесін жеңіп алған. Шетелдік Ғылым академиясының мүшесі. Сонымен қатар, Кустурица The No Smoking Orchestra фолк-рок тобының мүшесі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама