26 қазан 2020 | 09:14

"Ең жаманы әлі алда". АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді

© Reuters

23 қазанда АҚШ-та пандемия басталғалы бері бір тәулікте коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша антирекорд тіркелді - 80 мыңнан аса науқас. Бұл туралы CNN Джонс Хопкинс атындағы университетке сілтеме жасап хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

23 қазанда АҚШ-та пандемия басталғалы бері бір тәулікте коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша антирекорд тіркелді - 80 мыңнан аса науқас. Бұл туралы CNN Джонс Хопкинс атындағы университетке сілтеме жасап хабарлады. 

Телеарна мәліметінше, жаңа антирокордпен қатар ауруханаға жатқызылғандар саны мен елде бір күнде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар да артқан.  

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, сарапшылар "ең жаманы әлі алда екенін" ескертеді. АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамстың айтуынша, ел бойынша ауруханаға жатқызылғандар саны 75 пайызға өскен. Шенеуніктер бірнеше аптадан кейін қайтыс болғандардың да саны күрт ұлғая ма деп қорқып отыр. 

Адамстың айтуынша, жақсы жаңалық та бар. Дәрігер ел бойынша COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бірнеше факторға байланысты 85 пайызға азайғанын айтады. Оның ішінде, ремдесивир мен стероидты қолдану және науқастармен тиімді байланыс орнату факторы да бар.

АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи елде COVID-19 жұқтырғандар саны күн санап артып бара жатқанына алаңдап отыр. Ол адамдарды вирус таралуының алдын алуға арналған шараларды екі есе ұлғайтуға шақырды. 

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметі бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 8 581 574-ке жеткен, 224 912 адам қайтыс болған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная