Ең ұзақ әуе рейсін жасаған ұшақ рекорд орнатты

20 Қазан, 11:55
0
Ең ұзақ әуе рейсін жасаған ұшақ рекорд орнатты - Сурет: Qantas / Twitter
Сурет: Qantas / Twitter

Аустралиялық Qantas әуе компаниясының Boeing 787-9 лайнері Нью-Йорк, Сидней бағыты бойынша ешқайда аялдамай ең ұзақ авиарейс жасады, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Бұл туралы FlightAware деректері дәлелдейді. Ұшу ұзақтығы 19 сағат 14 минут болған. Әуе кемесі 16 мың 309 шақырымды еңсеріп, 37 минутқа кешігіп қонды.

Бортта 49 жолаушы болған. Әуе кемесі сынақ ретінде ұшырылған, мақсаты - ұзақ ұшудың жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығына әсерін бақылау, ақпарат жинау. 

Бұған дейін ең ұзақ әуе рейсі Ньюарктен Сингапурға дейінгі бағыт болған. Оның ұзақтығы 18 сағат 50 минутқа жеткен. 

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай