Еңбекақысын сұраған қарияны тепкінің астына алғандар видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

66 жаста?ы ?ария ж?мыс берушісінен е?бека?ысын с?ра?ан с?тте ауыр со??ы?а жы?ылды, - деп хабарлайды Mirror. Ж?мыс беруші жігіт досымен бірге ?ария?а жабылып, со??ы?а жы??аны видео?а т?сіп ?ал?ан. О?и?а Румынияны? Брашова ?аласында бол?ан. 

66 жастағы қария жұмыс берушісінен еңбекақысын сұраған сәтте ауыр соққыға жығылды, - деп хабарлайды Mirror. Жұмыс беруші жігіт досымен бірге қарияға жабылып, соққыға жыққаны видеоға түсіп қалған. Оқиға Румынияның Брашова қаласында болған. 

Егде жастағы адам ауруханаға ес-түссіз жеткізілген. Оқиға салдарынан оның мұрны және бірнеше тісі сынған. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Думитру оқиғаның неден басталғанын айтып берді. 

Реклама
Реклама

"Мен оның қоластында жұмыс істейтінмін. Қартайсам да, ақша табуым керек. Маған қарыз ақшаны сұрағанымда, мені соқыға жықты. Қорғануға тырыстым, бірақ, қолымнан келмеді. Тым кәрімін, қауқарым қалмады", - дейді қария. 


© Mirror

Қазіргі таңда қарияны соққыға жыққан екі адамды полиция ұстады, ал Думитру Брашова тұрғындары жинаған қаржыға емделіп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама