ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2018 | 13:38
"Енді қара жамылуға болмайды". Тәжікстан билігі әйелдердің киім стандартын бекітті
Тәжікстанның Мәдениет министрлігі "Қыздар мен әйелдер киюге тиіс киімдер жөніндегі нұсқаулық" атты кітап шығарды. Кітапта тіпті киімді әйелдерге қалай және қайда киюге болатыны мысал келтіріледі, - деп жазады Asia-plus.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тәжікстанның Мәдениет министрлігі "Қыздар мен әйелдер киюге тиіс киімдер жөніндегі нұсқаулық" атты кітап шығарды. Кітапта тіпті киімді әйелдерге қалай және қайда киюге болатыны мысал келтіріледі, - деп жазады Asia-plus.
Кітапта мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істейтін әйел қалай киіну керектігі жайлы кеңестер, ұлттық және мемлекеттік мерекелер кезінде әйелдерге киюге болатын көйлектердің үлгісі көрсетілген. Мысалы, Наурыз немесе Мехргон мейрамдарында, сондай-ақ, отбасылық іс-шаралар мен үйлену тойларына арналған қалыңдық көйлектері көрсетіледі.
"Мұнымен қоса, кітапта тәжікстандық әйелдің демалыс күндері не киюі қажеттігі жайлы кеңестер айтылады. Киім үлгілерінің барлығы 7 мен 70 жас аралығындағы қыз-келіншектер мен әйелдерге арналған", - дейді дереккөз.
Тағы бір бөлімде Тәжікстан әйелдеріне қандай киімдерді киюге болмайтыны жайлы айтылады.
"Қара түсті киім, қара түсті орамал мен қара хиджаб киюге болмайды. Сонымен қатар, ашық киім киюге кеңес бермейміз: қысқа белдемше мен топиктер. Қоғамдық орындарда галош, тәпішке киюге, үй киімі немесе жабысып тұратын шалбарлар, синтетикалық матадан жасалған киімдер, яғни, денсаулыққа зиянды киімдерді кимеуге кеңес береміз", - делінген нұсқаулықта.
Басылымның мәліметінше, "Салт-дәстүрлерді ретке келтіру туралы" заңдағы пунктілердің біріне өзгерту енгізу барысында ұлттық киім мәселесі қаралды. Cондай-ақ, хиджаб киген әйелдер мен қыздарға АХАЖ бөлімшелеріне кіруге тыйым салынатыны айтылады.
"Салт-дәстүрлерді реттеу туралы" заңның 10-бабы 5-бөлігіне сәйкес, хиджаб мен сатр киген қыздар мен әйелдерге Душанбедегі АХАЖ ғимаратына кіруге тыйым салынады. Жас жұбайлар АХАЖ бөліміне төрт көлікпен келуі керек. Көлік саны одан аспауы тиіс", - делінген жас жұбайларға некелерін тіркегенге дейін берілетін хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также