01 шілде 2021 17:39

ЕО-да вакцинация сертификаты қолданыла бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Бүкіл Еуропалық одақ аумағында ресми түрде EU DCC вакцинация сертификаттарын берудің бірыңғай жүйесі жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіл Еуропалық одақ аумағында ресми түрде EU DCC вакцинация сертификаттарын берудің бірыңғай жүйесі жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

European Union Digital COVID Certificate Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн сияқты Еуропалық одаққа кірмейтін Шенген аймағында да жарамды болады. Сандық сертификаттар 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Сертификаттағы QR-коды саяхатшының вакцина алғанын немесе коронавирус жұқтырып, емделіп шыққанын немесе COVID-19-ға тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсеткенін растайды. Іс жүзінде бұл үш түрлі сертификат болады және олар 12 айға жарамды.

Реклама
Реклама

Коронавирус жұқтырған адамдар ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін кем дегенде 11 күн өткен соң сертификат ала алады. Ол 180 күнге жарамды болады. Антиденелерге арналған тесттер әлі де сертификат беруге негіз болмайды.

Сертификат ЕО ішінде саяхаттауға арналған. Мұндай құжат оның иесі үшін сапар кезінде талаптарды жеңілдетуі керек. ЕО ережелеріне сәйкес медициналық мекемелер немесе сынақ орталықтары сияқты ұлттық органдар сертификат берумен айналысады.

ЕО Әділет комиссары Дидье Рейндерс ЕО-ға мүше барлық мемлекет бірыңғай сертификат беру жүйесіне қосылуы керек деді. Сертификат Франция, Испания, Италия, Греция және Хорватияда қолданыла бастады.

Айта кетейік, вакцинацияның электрон паспорты Қазақстанда да енгізілген. Осылайша, 1 маусымнан бастап қазақстандықтар вакцина алғаны туралы анықтаманы қағаз түрінде ала бастады. Сонымен қатар, вакцинация паспорты eGov mobile қосымшасында электрон режимде де қолжетімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram