26 ақпан 2022 | 10:43

ЕО Путин мен Лавровқа санкция салды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

АҚШ пен Еуроодақ Ресей президенті Владимир Путин мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ пен Еуроодақ Ресей президенті Владимир Путин мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Еуроодақтың ресми журналында жарияланған құжатта Путин "Әскери операция жүргізуге бұйрық беріп, Ресей қарулы күштері Украинаға шабуыл жасады", Лавров Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауын қолдады делінген.

Одан бөлек, Еуроодақ тізімінде премьер-министр Михаил Мишустин, Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев, Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Сергей Иванов, қоршаған ортаны қорғау, экология және көлік жөніндегі арнайы өкілі, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев те бар. 

Реклама
Реклама

Еуропалық Одақ ресейлік компанияларға салған санкциялар тізімін кеңейтті. Қазіргі тізімде "Иркут" корпорациясы, КамАЗ, Ресей темір жолдары, Совкомфлот және Бірлескен кеме жасау корпорациясы, Новороссийскідегі порт, "Сириус" ААҚ, "Станкоинструмент" ААҚ, "Химкомпозит" ААҚ, "Калашник" концерні, Тула қару-жарақ зауыты, "Машина жасау технологиясы", "Алмаз Антей" концерні, Александр ғылыми-зерттеу технологиялық институты, "Аргут"ЖШС т.б. бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная