ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2022 | 08:44
ЕО Путин мен Лавровтың есепшоттарын бұғаттайды
ЕО Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровты Украинадағы әскери операцияға байланысты санкциялар тізіміне енгізуге шешім қабылдады. Бұл туралы жұма күні Аустрия канцлері Карл Нехаммер мәлімдегеннен кейін Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Нехаммер Путин мен Лавровтың активтері шектелетінін, бірақ кіріп-шығулары шектелмейтінін айтты.
"Келіссөздерге мүмкіндік бергіміз келсе, кіріп-шығуға шектеу қою орынсыз болар еді", - деді Нехаммер.
"Президент Путин мен Сыртқы істер министрі Лавровты санкциялар тізіміне енгіздік. Олар Украинада жазықсыз адамдардың қырылып жатқанына, халықаралық жүйенің аяққа тапталуына жауапты, ал біз еуропалықтар мұны қабылдай алмаймыз", - деді Германия СІМ Анналена Бурбок Брюссельде Еуроодақ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі аясында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также