04 сәуір 2022 | 08:56

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©REUTERS

Еуропа Одағы Ресейге қарсы қосымша санкциялар қабылдауға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропа Одағы Ресейге қарсы қосымша санкциялар қабылдауға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы Еуропалық Кеңестің басшысы Чарльз Мишель мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, бұл Украинаның Буча қаласындағы қырғын туралы мәлімдемесінен кейін жасалған.

"Киевтегі Ресей әскерінің жасаған зұлымдықтары туралы жантүршігерлік кадрлар таңғалдырады. ЕО-ның одан ары санкциялары мен қолдауы жалғасады", - деп түсіндірді ЕО басшысы Twitter-де.

Реклама
Реклама

"Ресей әскері жасаған қатыгездіктер туралы жаңалықтар таңғалдырады. ЕО Украинаға әскери қылмыстардың құжаттарын жасауға көмектеседі", - деп жазды Еуропалық Одақтың сыртқы істер министрі Хосеп Боррель Twitter желісіндегі парақшасында.

Жаңа санкциялар енгізу бойынша келіссөздер 6 сәуірде өтеді деп жоспарланып отыр. Financial Times жаңа шектеу шараларына ресейлік кемелердің ЕО порттарын пайдалануына тыйым салу, қосымша экспорт бойынша шектеулер және көмір, мұнай немесе газ жеткізуге тыйым салу кіреді деп жазды.

Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербек Ресейге Украинаның Буча қаласындағы "соғыс қылмыстары" үшін қатаң санкциялар енгізілуі керек екенін айтты.

"Істеген адамдар жауапқа тартылуы керек. Ресейге қарсы санкцияларды күшейтеміз және Украинаны қорғауға одан ары көмектесеміз", - делінген оның Twitter-парақшасында.

Сонымен қатар, экономика жөніндегі комиссар Паоло Джентилони ЕО Ресейге қарсы одан ары санкция салуды жалғастырып жатқанын жеткізді. Бірақ оның айтуынша, кез келген қосымша шара энергетикалық секторға әсер етпейді.

Айта кетейік, Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинаның Буча қаласындағы жаппай кісі өлтіру дерегі туралы мәлімдемесіне жауап берген. Бұл оқиғаға ресейлік әскер қатысты деген ақпаратты арандатушылық деп атаған. Мәлімдемеге сәйкес, Бучадағы қылмыстар туралы мәлімет қалаға Украинаның Қауіпсіздік комитеті мен телеарна өкілдері келгеннен кейін ғана пайда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная