ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2022 | 09:03
ЕО ресейлік ұшақтардың ұшуына толық тыйым салды
Еуропалық Одақ (ЕО) бүкіл аумағында Ресей ұшақтарының ұшуына толық тыйым салып, жаңа санкциялар пакетін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропалық Одақ (ЕО) бүкіл аумағында Ресей ұшақтарының ұшуына толық тыйым салып, жаңа санкциялар пакетін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Германия, Испания және Франция да Ұлыбритания, Солтүстік және Балтық елдеріне қосылып, Ресейдің әуе кеңістігін пайдалануына тыйым салды.
АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, Ақ үй де осыған ұқсас шектеулерді қарастырып жатыр, бірақ әлі түпкілікті шешім қабылданбаған. АҚШ үкіметі өз азаматтарына коммерциялық рейстермен Ресейден кетуге кеңес берді.
Еуропалық Одақ сыртқы істер министрі Жозеп Боррель Еуроодақ өз әуе кеңістігін ресейлік қозғалысқа жабатыны туралы мәлімдеме жасағаннан кейін ресейлік "Аэрофлот" әуекомпаниясы еуропалық бағыттар бойынша рейстерін тоқтатты.
Енді Ресей шектеулерге және Батыстың басқа да санкцияларына қарсы қосымша шаралар қабылдайды деп күтіледі. Кремль де Ұлыбритания, Болгария, Польша және Чехияға ел аумағынан ұшу бағыттарын жауып үлгерді.
Сарапшылар пікірінше, тасымалдаушылар Таяу Шығыстағы шиеленіс аймақтарынан қашып, рейстерді оңтүстікке бұруға мәжбүр болады.
"Ресей мен АҚШ-тың өзара әуе қатынасына тыйым салуы америкалық тасымалдаушылардың ұшу уақытын ұзартады және Азияға шығыс жағалаудағы маршруттарда экипажды өзгертуді талап етуі мүмкін", - деді R.W. Mann & Company, Inc. сарапшысы Роберт Манн.
Сондай-ақ, Канада барлық ресейлік операторға әуе кеңістігін жапты, деді Канаданың көлік министрі Омар Альхабра. Оның айтуынша, Ресей мен Канада арасында тікелей рейстер жоқ, бірақ күніне бірнеше ресейлік рейс Канаданың әуе кеңістігі арқылы өтеді.
Бұған дейін Нидерланды да ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігін жауып жатқаны хабарланған болатын. Осылайша, 20 мемлекетте ресейлік ұшақтардың ұшуына тыйым салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также