ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2022 | 09:04
ЕО Украинаның одаққа кіру мерзіміне қатысты пікір білдірді
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен әдетте елдің ЕО-ға кіру процесі ұзақ жылдарға созылатынын, бірақ Украинада болып жатқан жағдайды ескеріп қауымдастық мүшелері оны тездетуге дайын болуы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Украина болашақта не істегісі келетінін, өз елін қалай құрғысы келетінін өзі шешуі. Ол Еуропалық Одаққа кіргісі келеді", - деді ол.
Фон дер Ляйен сонымен қатар ЕО билігін "ерекше шешімдер" қабылдауға дайын болуға шақырды.
Ол Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен кездесуі және оған Еуропалық Одаққа қосылу туралы келіссөздерді бастау үшін сауалнама салынған конверт тапсырғаны туралы айтты. Оның айтуынша, сауалнама жақында талқылауға негіз болады.
Украинаның қауымдастыққа мүше болу туралы өтінішін қарау әзірге жазға қалдырылды, дегенмен Зеленскийдің айтуынша, Литва, Латвия, Эстония және Польша қазірдің өзінде ЕО-ға қосылуды жақтап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также