19 ақпан 2022 | 12:13

Ер адам балаларын жазалаймын деп абайсызда бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп алды

Сабақ оқудың орнына әлеуметтік желіде отырған балаларын жазалайын деген ер адам бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп алды. Оқиға Францияның оңтүстігіндегі Мессанж қаласында болған. Енді ер адам айыппұл төлеп, түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды New York Post.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сабақ оқудың орнына әлеуметтік желіде отырған балаларын жазалайын деген ер адам бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп алды. Оқиға Францияның оңтүстігіндегі Мессанж қаласында болған. Енді ер адам айыппұл төлеп, түрмеге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды New York Post.

БАҚ мәліметінше, ер адам балалары сабақ оқымай, үй жұмысын істемей жатқанына ашуланған. Ол үйіндегі Интернетті өшіру үшін арнайы құрал сатып алған. Алайда ол құрал тек үйіндегі емес, бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп тастаған. 

Тұрғындар шағымдана бастағаннан кейін мамандар Интернет неліктен бұғатталғанын тексере бастаған. Франция заңы бойынша ер адам орнатқан құрылғыларға тыйым салынған. Сондықтан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол алты айға қамауға алынып, 30 мың еуро (шамамен 34 мың АҚШ доллары) айыппұл төлеуі мүмкін.  

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная