Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған

Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған

Ресейді? Краснодар ?аласыны? т?р?ыны Андрей Немченко бір жасар баласыны? бойында?ы ?згерістерді бай?ап, ?йінде видео ба?ылау камерасын орнат?ан. L!FE м?ліметінше, 29 жаста?ы ер адамны? айтуынша, баланы? ж?йкесі сыр беріп, жиі шошып, зор дыбыстардан ?ор?атын бол?ан, тіпті ойыншы?тармен ?ят ?рекеттерді жасайтын бол?ан. 

Ресейдің Краснодар қаласының тұрғыны Андрей Немченко бір жасар баласының бойындағы өзгерістерді байқап, үйінде видео бақылау камерасын орнатқан. L!FE мәліметінше, 29 жастағы ер адамның айтуынша, баланың жүйкесі сыр беріп, жиі шошып, зор дыбыстардан қорқатын болған, тіпті ойыншықтармен ұят әрекеттерді жасайтын болған. 

"Сенька бұтына жіберіп қоятынды шығарды. 15 минут ішінде үш рет кіші дәретке баратын болды, мұндай жағдай ешқашан болмаған. Тіпті денесі көгеріп кеткен. Сондықтан мен жоқта үйде не болатынын білу үшін видео бақылау камерасын орнаттым", - дейді ол.

Алайда видеоға түсіп қалған кадрларды көріп, ер адам жағасын ұстаған: 23 жастағы әйелі бір жасар баласы Арсенийдің көзінше бөтен адаммен жыныстық қатынасқа түскен. Кадрлардан олардың баланы байқамастан, жыныстық қатынасқа түскенін байқауға болады. 

Реклама
Реклама

Андрей Немченконың айтуынша, өзі ұзақ уақытқа іссапарға кетіп жұргенде әйелі көңілдесін жиі шақырып тұрған. 

"Балаға айғайлап, былапыт сөз айтқан, бірақ мұның барлығы да маңызды емес, маңыздысы бөтен ер адамның үйіме келгені болды. Балам бізбен бір бөлмеде жатады. Ол ұйқыдан оянып кетіп, анасының бөтен ер адаммен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын көрген", - дейді ер адам.

Осыдан кейін Андрей баласын өз қолына алып, әйелімен ажырасуды ұйғарған. Айтуынша, әйелінің мұндай қылықтары баланың психикасына теріс әсер етеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама