23 қыркүйек 2020 | 18:07

Ер адам балыққа арналған қорап ішінде 3 күн бойы мұхитта жүзген

Индонезиялық балықшы үш күн бойы мұхитта балыққа арналған қорап ішінде жүзіп, тірі қалды, - деп хабарлайды Newsflare.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индонезиялық балықшы үш күн бойы мұхитта балыққа арналған қорап ішінде жүзіп, тірі қалды, - деп хабарлайды Newsflare.

Индонезияның Солтүстік Малуку провинциясындағы 46 жастағы Удин Диман 14 қыркүйекте балық аулауға кетіп, сол күні кешке үйіне оралмаған. Бір күннен кейін балықшының отбасы полицияға жүгінген.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар ер адамның балық аулайтын жерлерін тексерген, бірақ ол жақтан табылмаған. Кейін іздеу аймағын кеңейту туралы шешім қабылданады, ал екі күннен кейін Удин балыққа арналған қорапта аш күйінде табылды.

"Біз оның үш күн бойы тамақсыз және сусыз қалай тірі қалғанын білмейміз, бірақ оның жолы болды. Біз оның табылғанына қуаныштымыз", - деді құтқару тобының жетекшісі.

Удиннің өзі оның қайығы қатты ағын салдарынан аударылып қалғанын айтады. Ол балықты сақтауға арналған мұз салынған қорапты ұстап қалған, кейін үш күн бойы мұхитта жүзіп жүрген. "Мен аш болған соң анда-санда есімнен танып қала бердім, құтқарушылар тапқанша ұйықтадым", - дейді ер адам.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная